Мына заман неткен заман, неткен заман,
Кей пенделер санасыз иттен жаман,
Бұл жалғанда жаманның, ең жаманы,
Ата-Анасын ұмытып кеткен адам.
Тағыда көп, жан жарын біліп таңдар,
Ес түссіз құр ақшаға құныққандар,
Ақшамен шешілсе де мына өмірің,
Алла алдында құны жоқ ұмытпаңдар.
Іштей сайлап әйел қып алмайтынын,
Жігіттер көп қыздарды алдайтұғын.
О дүниеге жеткенде демі бітіп,
Білсе екен деймін жазасыз қалмайтынын.
Парақор көп халықтан ақша алатын,
Өз еңбегім бәрі деп мақтанатын.
Адамды алдап жүрсе де мына өмірде,
Ана өмірде сөз таппас ақталатын.
Еркектер көп даладан тыныш келіп,
Мазалайды үй ішін ұрыс теріп.
Ал баласы өскесін соны істейді,
Тәрбие солай жалғасар бүліктеніп.
Жігіт қайда сүйгенін ақтап алар,
Көбеюде дәрменсіз қасқа Аналар,
Ата-Ананың абыройын ойлаймын деп,
Өз баласын далаға тастағандар,
Қыз ғана емес кінәлі, қыз ғана емес,
Қызды алдаған артында басқа адам бар.
Сайтан іште, Имандық далада тұр,
Біз бұлайша оңбаймыз, қарада тұр,
Нағыз қазақ бұлдырап көз алдымда,
Европаға айналып бара жатыр...
// Дастан Матниязов - Неткен заман