Сендердің қыздарын қай қалаға ұқсайды ?
Бір топ жігіттер өз қыздарын əңгіме қылып отыр.
- Менің қызым Астана сияқты - жас, əдемі, современный, бірақ бір ашуланса борандатып, суып кетеді...
- Менікі тура Алматы - Сұлу, күн өткен сайын əдемі боп келеді, бір көрген жан ғашық болып, айналшықтап қасынан шығамай қалады. Бірақ мінезі құбылмалы. Жылап тұрып күле салады...
- Ал менің қызым Атырауға ұқсайды. Ата анасы бай, бірақ байлығын өзі емес, қасында жүрген құрбылары көреді...
- Менің қызым Түркістан сияқты. Көнелеу болғанымен өте иманды.
- Менің қызым Тараз сияқты. Бойы кішкентай, аздап бұзықтау, тек разборкада жүреді.
- Менің қызым Қарағандыға ұқсайды. Орыс мінезді, анау мынау салтты ұстанбайды, кішкентайынан орыстармен өскен.
- Мен қызымды ЖЕТІСАЙҒА ұқсатам. Үйленейік десек, қалыңмалы қымбаааат... Əлі жүрміз...
- Менің қызым Ақтау сияқты. Пейілі теңіздей кең, бірақ жүрегі тас...
- Мен қызымды Қызылордаға ұқсатам. Махаббаты өте ыстық, күйдіріп жібереді. Кейде ысығаны соншалық, қорғанатын пана таппай қалам...
- Менің қызым Шымкент сияқты...
- Метис...???
- Жоооооқ, ол нағыз қазақтың қызы. Мінезі жылы, қабағына қар жауатын кезі сирек, дəстүрге берік, иманды, ақылды, тәрбиелі. Оған үйленгісі келетіндер жетерлік. Туысқандары көөөөөөп.... Бірақ сендердің қыздарың оны аса ұната бермейді....